Аймақтар
1 мин оқу 500

Сайран көліне батып кеткен ер адамның денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Сайран көліне батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда», деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.

Куәгерлердің айтуынша, 31 мамыр күні шамамен кешкі сағат 17:30-да Сайран көліне 25-30 жас аралығындағы ер адам суға түсіп, қайтып шықпаған.

Алдын ала болжам бойынша, жас жігіт таныстарымен бірге ішімдік ішкен.

Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен «ҚР ТЖМ» ММ-нен 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды.

Бөлісу: