Аймақтар
1 мин оқу 181

Алматы облысындағы 130 нысан енді туристерді қабылдай алады

<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы 130-ға жуық демалыс орнына туристер қабылдауға рұқсат етілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментіндегі баспасөз қызметінің өкілі Әлия Шағиахмет: «Өңірдегі демалыс кешендерінің басым бөлігі Алакөл, Балқаш көлдері мен Қапшағай суқоймаларында орналасқан. Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің мамандары су айдындары мен топырақтардан алған зертханалық сынамалар барлық санитария талаптарына сай болып шықты. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қалыптасқан санитарлық талаптарды сақтаудан бөлек «Ашық» қосымшасы арқылы жұмыс істеу ұсынылып отыр. Бұл аймақтағы эпидемиялогиялық ахуалдың тұрақтануына және демалыс орындарының туристердің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік береді», деп айтты.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта «Ашық» қосымшасына жүктеп жатса өздеріне жақсы болатынын жеткізді.

«Қосымша арқылы келушінің статусын біле алады. Мысалы, қызыл статусты адам келіп жатса, ол ғимаратқа кіргізілмейді», деп түсіндірді.

Бөлісу: