Теннис
1 мин оқу 144

Бублик ұтылды, Диас ұтты

<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстанның ерлер құра&shy;масының қос өкілі де Парижде өтіп жатқан &laquo;Ролан Гаррос&raquo; турнирінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.</p>

Бублик ұтылды, Диас ұтты

Бұған дейін біз Михаил Кукушкиннің испаниялық Алехандро Давидович-Фокинадан ұтылғаны жайында жазған едік. Одан кейін Александр Бублик сүрінді. Ол әлемнің екінші ракеткасы Даниил Медведевпен күш сынасқан еді, Бубликтің ресейлікке әлі жетпеді – 3:6, 3:6, 5:7.

Әйелдер сайысында Елена Рыбакина бастаған жеңісті жолды Зарина Диас жалғастырды. Жерлесіміз WTA тізімінде 68-орында тұрған ұлыбританиялық Хизер Уот­соннан айласын асырды – 6:4, 7:5. Келесі кезеңде Зарина бельгиялық Элисе Мертенспен кездессе, Елена жа­по­ниялық Нао Хибиномен шеберлік бай­қасады.

Бөлісу:
Бублик ұтылды, Диас ұтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар