Теннис
1 мин оқу 156

Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Юлия Путинцева Парижде Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Дүниежүзілік рейтингте 43-орында тұрған Ю.Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 26-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен кездесті. Бірінші партияда Жабер 7:5 есебімен басым түсті. Тунис теннисшісі екінші сетте тіпті бет қаратпады – 5:0.

Бұдан кейін қазақстандық спортшы қатарынан екі гейм алғанымен, Жабер матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды. Осылайша Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан жекелей сында Елена Рыбакина мен Зарина Дияс қалды.

Бөлісу:
Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар