Қазақстан
1 мин оқу 563

Қазақстан армиясында жазғы оқу кезеңі басталды

<p style="text-align: justify;" align="justify">Қарулы Күштерде 1-3 маусымда барлық санаттағы әскери қызметшілермен тактикалық-саптық сабақтар өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Бөлімшелер мен бөлімдер жоғары жауынгерлік даярлыққа келтіріледі. Бұл шаралардың мақсаты – әскерлерді басқару жүйесін жетілдіру.

Қарулы Күштердің жазғы оқу кезеңіне даярлық үрдісі мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ алдыңғы оқу кезеңінде жеткен жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жоспарланды.

Қарулы Күштердің барлық түрі үшін негізгі міндеттері –  жауынгерлік даярлық шараларын сапалы ұйымдастыру, бөлімшелердің жауынгерлік оқу қарқынын арттыру, оның ішінде түнгі және күрделі ауа райы жағдайында өткізу, әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы ақаусыз пайдалану.

Оқу кезеңінің аяқталуы бойынша қазан айында қорытынды тексеру өткізілетін болады.

Бөлісу:
Қазақстан армиясында жазғы оқу кезеңі басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар