Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 383

Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

<p style="text-align: justify;">30 мамырда жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1-0, 14 KO) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Ол Калифорнияның Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып, онда Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген кездесу сегізінші раундта аяқталды. Батырдың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жекпе-жектен кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті: Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа - 5 маусымға дейін тыйым салынды. 

Мұндай шешімге не себеп болғаны жайында әзірге нақты мәлімет жоқ.

Бөлісу:
Батыр Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар