Аймақтар
1 мин оқу 234
Оралда несие беретін ғимаратқа шабуыл жасағандар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Оралдық полицейлер несие берумен айналысатын мекеме ғимаратына басып кірген екі күдікті азаматты ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«К» есімді азаматшаны пышақпен қорқытып, 50 мың теңгеден астам ақшасын жымқырып кеткен. Жәбірленуші «102» нөміріне хабарлама түсірген бойда патрульдік полиция қызметкерлері жедел қимылдап, 10 минут ішінде екі ер адамды ұстады. Олардың жасы 20-25 шамасында», дейді ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты қарақшылық, яғни ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Бөлісу: