Аймақтар
1 мин оқу 1,320

Елордада отбасылық марафон басталды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында &laquo;Денсаулық &mdash; зор байлық&raquo; отбасылық марафоны басталды. Марафон қорытындысында 20 жеңімпаз отбасының әрқайсысына 50 000 теңгеден спорт тауарларын сатып алуға сертификат табысталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Марафон шарттары:

• Картада жүгіру бағытын көрсететін Strava қосымшасына тіркеліп, төменде көрсетілген нөмерге өтініш беру қажет.

• Отбасылық жүгіру қашықтығы күніне кемінде 1 км болуы керек.

• Жүгіруге ерлі-зайыптылардың екеуі де 21 күн бойы қатысады (ерлі-зайыптылардың нәтижесі ғана есептеледі).

• Күн сайын: фотоесеп (1 фотосурет); жүріп өткен қашықтық пен жаттығу бағытын көрсететін қосымшадан сілтеме;

• @elorda.otbasy және @ns_jastary аккаунттарын белгілей отырып, Instagram желісінде сторис салу (15 секунд - 1 минут).

Өтінім беру үшін мына құжаттар тапсырылады:

• некені тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

• Байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, тұратын мекен-жайы, әлеуметтік желілердегі аккаунттары).

Құжаттар 1-15 маусым аралығында қабылданады.

Мәліметтерді +7 708 510 0052 WhatsApp нөміріне жіберу керек.

Бөлісу:
Елордада отбасылық марафон басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар