Экономика
1 мин оқу 550

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-қа жетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Өзбекстан Республикасы инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовпен елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайту мәселелері бойынша кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бақыт Сұлтанов Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі екенін атап өтті. Мәселен, ағымдағы кезеңдегі статистикалық деректер тауарлар саудасы көлемінің үдемелі қалпына келуін растайды.

«Тек 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы $1,2 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 41,3% жоғары ($0,8 млрд.). Экспорт 54% өсіп, $899,2 млн-ды құрады, импорт 11% артып, $272,0 млн-ды құрады», деп мәлімдеді Бақыт Сұлтанов.

Өзбекстан жыл басынан бері  импортқа акциздерді қолдануды тоқтатты. 4 ай көлемінде Қазақстаннан Өзбекстанға акцизделетін тауарлар экспортының 85 тауар позициялары бойынша (СЭҚ ТН 10 белгісінде) $50,3 млн сомасына 74,3% өскені байқалады, экспорт көлемі $28,9 млн-ға жетті.

Сонымен қатар қос тарап 2021 жылғы 10 сәуірде ХСЭЫО капсуласын салу рәсімінің қорытындысы бойынша қол қойылған «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру барысын егжей-тегжейлі талқылады.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов «ХСЭЫО» жобасы аясында Өзбекстан барлық сауда кедергілерін жоюға және өзара сауданы күшейтуге дайын екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-қа жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар