Әлем
1 мин оқу 452
Израильде жаңа президент сайланды
<p style="text-align: justify;">Израильдің жаңа президенті болып 60 жастағы Ицхак Герцог сайланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жергілікті парламенттегі 120 депутаттың сексен жетісі Ицхак Герцог үшін дауыс берген.
60 жастағы саясаткер диаспорамен байланыс жөніндегі Еврей агенттігіне басшылық етеді. Оның әкесі Хаим Герцог та 1983-1993 жылдар аралығында Израиль президенті болған.
Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттігі 9 шілдеде аяқталуы тиіс. Айта кеткен жөн, Израиль парламенттік мемлекет саналады. Билік премьер-министрдің қолында. Ал президент тек белгілі бір рәсімдерді ғана атқарады.
Бөлісу: