Ел және Елбасы
1 мин оқу 460

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Айдарбаевты қабылдады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Самұрық-Қазына&raquo; ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы &laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ұлттық компаниясы&raquo; акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның 2020 жылғы жұмысының нәтижесі мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді.

– Өткен жыл бәріміз үшін сынаққа толы болды. Пандемия экономикаға кері әсерін тигізді. Сонымен қатар мұнай бағасы төмендеді. Көптеген компаниялар қиындыққа тап болды. Қазір жағдай біртіндеп қалпына келіп жатыр, – деді Елбасы.

А.Айдарбаев дағдарысқа қарамастан ұлттық компания қаржылық тұрақтылықты сақтап қалғанын және қазір пандемияға дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатқанын баяндады. Сондай-ақ кездесуде «ҚазМұнайГаз» компаниясы жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар туралы айтылды.

Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Алик Айдарбаевты қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар