Ел және Елбасы
1 мин оқу 240

«ҚТЖ» төрағасы Елбасына саладағы жұмыстарды баяндады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Самұрық-Қазына&raquo; ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы &laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ұлттық компаниясы&raquo; акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті тәуелсіздік жылдарындағы еліміздегі инфрақұрылымдық даму нәтижелеріне тоқталып, темір жол желілерін кеңейту саласындағы жетістіктерді атап өтті.

– Біз инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін көп жұмыс атқардық. Осы уақыт ішінде екі жарым мың шақырым темір жол салынды. Сөйтіп, еліміздің темір жол желілерін дамыттық, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру, экспорттық және транзиттік тасымалды ұлғайту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында компанияның атқарып жатқан шаралары туралы баяндалды.

Бөлісу:
«ҚТЖ» төрағасы Елбасына саладағы жұмыстарды баяндады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар