Экология
2 мин оқу 552

Экологиялық сөмке тігеді

<p style="text-align: justify;">Биыл мамыр айының соңында &laquo;Әлеуметтік талдау орта&shy;лығы&raquo; қоғамдық қоры Азаматтық бастамаларды қол&shy;дау орталығының қатысуымен іске асырылатын &laquo;Қазақ&shy;станның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталан&shy;дыру және танымал ету&raquo; республикалық жобасы шеңбе&shy;рінде әлеуметтік кәсіпкерлер арасындағы шағын гранттар конкурсын қорытындылады.</p>

Экологиялық сөмке тігеді

Шағын гранттар конкур­сының қорытындысы бойынша еліміздің 20 ҮЕҰ әлеуметтік-кәсіпкерлік идеяларды іске асыруға 500 мың теңгеден гранттар ұтып алды.

Конкурс жеңімпаздары­ның бірі – Ақмола облысының Атбасар қаласынан қатысқан «Ангел» қоғамдық бірлестігі. Олар «Біз экосөмкелер тігеміз» жобасын іске асыратын болады.

«Біздің қызмет бағытта­ры­мыздың бірі – экология. Бір­неше жыл бойы біз Атбасар қа­ласында экологиялық волон­тер­лік қозғалысын дамыта отырып, оқушылар мен жастар­ды жұмысқа тарттық. Осылай­ша, полиэтилен пакеттерден бас тарту бойынша белсенді нау­қан жүргізіп келеміз», дей­ді «Ангел» қоғамдық бір­лестігінің өкілдері.

Үкіметтік емес ұйымдар 20 жыл­дан астам уақыт жұ­мыс істеп келеді. Олардың қа­ты­суымен көптеген әлеу­мет­тік жоба іске асырылды, жер­­гі­лік­ті қоғамдастықтың бір­қа­тар ­проблемасы ше­шіл­ді. Бірақ ҮЕҰ қыз­ме­ті­нің тұрақ­тылығы тек жоба­лар­дың болуына және ұйым мү­шелерінің үлесіне ғана емес, сонымен қатар тұрақты қар­жыландыруға да байла­нысты. Сондықтан ұйым өз базасында әлеуметтік кәсіпорын­ды дамыту туралы ойлана бас­­тады.

Атбасарлық қоғамдық ұйым­дар өкілдерінің айтуын­ша, мұнда өнеркәсіп жоқ, жұ­мыссыздық деңгейі жоғары. Десе де кентте колледж бар, онда қыздарды шаштараз, аспаз, тігінші мамандықтары­на оқытады. Алайда қолын­да дипломы бар қыздардың көп­шілігі жұмыссыздар қатарын толтыруда. Өйткені бастапқы капиталсыз өз бизнесін бастау және тәжірибе жинау қиын, ал тәжірибесіз клиенттік базаны жинау және табысты болу оңай емес.

Әлеуметтік-кәсіпкер­лік бас­тамаларды іске асы­ру шең­берінде ұйымдастыру­шы­лар қыздарға тігін тәжірибесін алу­ды және өндірістік практика шеңберінде экосөмкелерді тігу бойынша тігін шеберха­насында табыс табуды ұсы­нады, онда кәсіптік бағдар беру­ден басқа, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға көңіл бөлінеді. Ал экосөмкелерді тігу арқылы жоба тағы бір ма­ңызды міндет – полиэтилен пакеттерді қолданыстан азайту арқылы қоршаған ортаның ластануын азайтуға үлес қосу болмақ.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: