Коронавирус
1 мин оқу 255

CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы

<p style="text-align: justify;">Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде арнайы бортпен Алматыға CoronaVac вак цина сының алғашқы партиясы келді. Препаратты қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясы шығарған.</p>

CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы

Қытайлық CoronaVac вак­ци­насының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына COVID-19 ко­ронавирус инфек­ция­­­­сына қарсы вакциналау үшін қол­­жетімді болатын төртінші пре­парат болады.

ҚХР-дан CoronaVac вак­ци­насын жеткізу туралы уағ­даластықтарды іске асыруы COVID-19 пандемиясына бір­ле­сіп қарсы тұруда қытайлық әріптестермен басталған сындарлы ынтымақтастықты сәтті жалғастырудың мысалы ретінде қарастырылады.

Денсаулық сақтау министр­лігі атап өткендей, келіп түс­кен вакцинаның партиясы қазақ­стандық және ресейлік қол­да бар вакциналарымен қатар елдің барлық егу пункт­те­­рінде қолжетімді болады. CoronaVac вакцинасын Ден­сау­лық сақ­­тау министрлігі Қа­зақстан аума­ғын­да қол­да­ну­ға мақұлдады және елде қолданылатын QazVac, Спутник V және Hayat Vax вакци­наларының тізбесін то­лық­тырады. Қазіргі уақытта CoronaVac препараты әлемнің көптеген елінде кеңінен қол­да­ны­лады.

ҚХР-да халықты вакциналау бойынша жалғасып жат­қан кең ауқымды науқанға қара­мастан, қытайлық тарап жан-жақты және стратегиялық әріп­тестік пен тату көршілік қарым-қатынастарды атап өтіп, Қазақстанға өзінің әзірленген вакцинасын жіберді.

CoronaVac вакцинасында SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құ­тыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакциналауды көздейді. Вакциналауға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.

Бөлісу: