Қазақстан
2 мин оқу 280

Шетелдіктер анықтамасыз өте алмайды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы аумағындағы Ресей Федерациясының өңірлерімен шектесетін мемлекеттік шекараның &laquo;Қосақ&raquo;, &laquo;Үрлітөбе&raquo;, &laquo;Сұлуағаш&raquo;, &laquo;Шарбақты&raquo; өткізу бекеттерінде індет таралмауы үшін қатаң бақылау жүргізілуде. Індет басталғалы Ресей, Қырғызстан елдерінен облысқа 111 799 адам келген. Шекара бекеттерінде күнделікті ПТР тест өткізілуде.</p>

Шетелдіктер анықтамасыз өте алмайды

Жалпы, 1 446 шетелдіктің ПТР анықтамасыз өтуіне жол берілген жоқ. Бұл жайында об­лыс­тық санитарлық-эпи­де­миялық бақылау департа­мен­тінің мәліметінде айтылды. Мысалы, 31 мамырда өңірге Ресей аумағынан 520 адам келсе, оның 364-і жаяу және 156 фура жүргізушілері тіркелген. ПТР тексеру барысында індет белгілері бар 202 адам анықталған.

– Бекеттен тікелей каран­тин­дік стационарға 9 жолаушы жібе­ріл­ді, делінген хабарламада. – Сонымен бірге көршілес елдердің 11 азаматына ПТР-тест тап­сырғаны туралы анықтамасы берілмегені үшін облысқа өтуге тыйым салынды.

Еліміздегі эпидемиялық жағ­дай­ды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар облысы 17 мамырдан бастап «сары аймақта».

– Облыста індет жұқтыру­шы­лардың саны азаюда. 10-16 мамыр аралығында 698 жағ­дай анықталса, қазір бұл көр­сет­кіш төмендеді. 31 мамыр күні 65 індет жұқтыру жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,4 па­йызды құрайды. Осы уақытқа дейін облыста 22 900 адамнан індет жұқтыру анықталса, 21 092 тұрғын жазылып шықты, – дейді департамент басшысы Батырбек Әлиев.

Індет жұқтырушылардың азаю­ына шекара бекеттеріндегі тәр­тіп пен бақылаудың тұрақты жүр­гі­зілуі де әсер етті. Шектеулер ен­гізілген сәттен бастап бүгінге дейін бекеттерден өткізу тәртібі қатаң бақылауға алынған. Қазір бас санитар дәрігердің қаулысына сай, демалыс күндері келушілерге сауда үйлері, спа-орталықтар, бассейндер, жабық базарлар ашық, ал сенбі күндері сауналарға баруға рұқсат етілді, моншалардың да жұ­мыс уақытынан шектеулер алын­ды.

Ауданаралық жолаушылар авто­бусы мен шағын автобустар да шектеулерден кейін тасымал жұ­мысын бастады.

Еліміздің мемлекеттік шекара­сын­дағы «Қосақ», «Үрлітөбе», «Сұлуағаш», «Шарбақ­ты» өткізу бекеттерінде қазір де халықаралық тасымал мен жолаушылар ағыны қозғалысына тұрақты мониторинг жүргізу жалғасуда.

Бөлісу:
Шетелдіктер анықтамасыз өте алмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар