Әлем
1 мин оқу 435

Шенген аймағына тағы 3 мемлекет қосылуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Еуроодақ Шенген аймағын кеңейтіп, нығайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

26 мемлекетті қамтитын визасыз аймаққа келешекте тағы 3 мемлекет кіруі мүмкін. Брюссель, сондай-ақ Еуроодақтың сыртқы шекарасын қорғауды күшейтуге ниетті. Осы мақсатта Ливия, Марокко және Түркиямен мигранттарға байланысты ынтымақтастықты нығайту жоспарланған.

Бұдан бөлек, Еурокомиссия коронавирус пандемиясы кезінде жабылған шекараны ашып, одақ аумағында адамдар мен тауарлардың еркін қозғалуын қалпына келтіруді қолға алатынын айтады. 

«Еуропалық одақта белгіленген талаптарды орындаған елдер Шенген аймағына кіруі тиіс. Қазір визасыз аймаққа қосылу үшін қойылатын шарттарға Болгария, Румыния және Хорватия сай келеді. Еуропалық одақ кеңесі жуық арада осы мәселеге қатысты шешім қаблдауы мүмкін», дейді ішкі істер жөніндегі еурокомиссар Илва Йоханссон.

Бөлісу:
Шенген аймағына тағы 3 мемлекет қосылуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар