Әлем
1 мин оқу 220

Куба отандық вакцинасын балаларға сынап көрмекші

<p style="text-align: justify;">Куба билігі өзінің коронавирусқа қарсы отандық вакцинасын кәмелет жасқа толмаған балаларға сынамақ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы үкімет басшылары мен препаратты өндірген ғалымдардың баспасөз конференциясында белгілі болды. Жоспар бойынша клиникалық сынаққа шамамен 300-ге жуық 12 мен 18 жас аралығындағы жас өспірімдер қатысады.

Кубалық дәрігерлердің айтуынша, сынақтан өтетін препарат 3 жастан асқан балаларға арналған. Бүгінде Куба елінде ковид індетіне қарсы 5 түрлі вакцина шығарылып, ғылыми зерттеуден өтуде. 

«Клиникалық сынақ алдымен ересек балаларға жүргізіледі. Келесі кезеңде 3 пен 11 жас аралығындағы бүлдіршіндірге сыналады. Жалпы препаратты бұған дейін мыңнан астам ерікті қабылдаған. Олардың 95 процентінде антиденелер байқалды», деді Финли институтының басшысы Висенте Верес.

Бөлісу: