Бокс
1 мин оқу 96

Шарипова әлемдік рейтингте жоғарылады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның танымал кәсіп&shy;қой бокс&shy;шысы Фируза Шари&shy;пова Дүние&shy;жүзілік бокс қауымдас&shy;тығының (WBA) жа&shy;ңартылған рей&shy;тингінде бірінші орын&shy;ға көтерілді.&nbsp;</p>

Шарипова әлемдік рейтингте жоғарылады

Шарипованың бұл табысына еш таң­дануға болмайды. 26 жастағы боксшы 2016 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол кезден бері 13 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіске жетті. Алты қарсыласын есінен тандырды. Әр жылдары түрлі нұсқа бо­йын­ша алтын белбеулерді иеленді. Өз бә­с­екелерінің денін ол Ресей мен Қазақ­станда өткізді. Бір мәрте Испанияға барып та жұдырықтасты.

Бүгінгі таңда әйелдер арасындағы жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын ирландиялық Кэти Тейлордың иеленіп отырғаны белгілі. Екінші сатыдан бірінші орынға көтерілген Ша­рипова енді WBA тұжырымы бойынша Тейлормен жекпе-жектің міндетті үміт­кері атанды.

Бөлісу:
Шарипова әлемдік рейтингте жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар