Теннис
1 мин оқу 121

Парижде екі жерлесіміз ғана қалды

<p style="text-align: justify;">Теннистен Парижде өтіп жатқан &laquo;Ролан Гаррос&raquo; турнирінде бес жер&shy;ле&shy;сіміз өнер көрсеткенімен, солардың үшеуі ал&shy;ғашқы айналымнан аса алмады.</p>

Парижде екі жерлесіміз ғана қалды

Бұған дейін біз Александр Бубликтің ре­сейлік Данил Медведевтен және Михаил Ку­кушкиннің испаниялық Алехандро Дави­дович-Фокинадан жеңілгені жайында жазған едік. Көп ұзамай Юлия Путинцева сүрінді. Ол тунистік Онс Жабермен ойнады. 26 жастағы қарсыласы бұл күндері әлемдік рейтингте 22-орында тұр. Был­тыр ол Аустралияның ашық біріншілігінде ширек финалға дейін жетіп, «Ролан Гарростың» төртінші кезеңіне шыққан. Міне, осындай сақа спортшыға Путинцеваның әлі жетпеді – 5:7, 2:6.

Сөйтіп жарыс жолында екі жерлесіміз ғана қал­ды. Бүгін Елена Рыбакина жапониялық Нао Хибиномен шеберлік байқасады. Ал Зари­на Диас әлемдік рейтингте 14-орында тұрған бель­гиялық Элисе Мертенспен кездеседі.

Бөлісу: