Елорда
1 мин оқу 165

Карантин талабына бағынбағандарға айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режімде жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзушыларды анықтап келеді. Бұл шектеу шараларын сақтамайтын мекемелер санын азайтуға септігін тигізуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Кеше, яғни 2 маусым күні мониторинг топтары төрт мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты. Алматы ауданының Балқантау көшесінде орналасқан «Искендер» саунасы мен сыра пабы карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Сарыарқа ауданында орналасқан «Insane» PS клубы жұмыс режімінің сағат 23:00-ге дейін шектелгеніне қарамастан, түн ортасына дейін жұмыс істеген.

Осыған ұқсас тәртіп бұзушылықты Байқоңыр ауданындағы «Faiz» кафесінде де анықталды. Жиналған материалдың бәрі тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Бөлісу:
Карантин талабына бағынбағандарға айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар