Сенатор азаматтық қорғаныс саласындағы кемшіліктерді айтты

Сенатор Сергей Ершов Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында азаматтық қорғаныс мәселелеріне қатысты өзекті мәселелерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оның ішінде Түркістан облысындағы бөгеттің жарылуы және елді мекендерді су басу, Риддердегі өрт, сондай-ақ Алматы мен Өскемен маңындағы қоқыс полигонында болып жатқан оқиғаларды талдау экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және өзге де мемлекет мүддесінің қозғалатынын көрсетеді.
«Төтенше жағдай органдары материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау ісінде қаржы жеткіліксіз бөлініп келеді және қолданыстағы нормативтердің 58%-дан сәл ғана асатын деңгейді құрап отыр. Халықты және еліміздің қауіпсіздігін қорғау үшін әлеуметтік нысандар құрылысына жұмсалатын шығындар да қысқаруда», деді Сергей Ершов.
Сенатор осыған байланысты 2022 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде азаматтық қорғау органдарын тиісті материалдық-техникалық жарақтандыруға бағытталған қаржыландыруды қарастыру қажет екенін айтты.
Сонымен қатар депутат ТЖ органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты проблемаларды, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» Заңды жетілдіру мәселелерін де айтты.