Медицина
1 мин оқу 190
Қазақстанда өндірілген медициналық маскалар экспортталады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда өндірілген медициналық маскалар биылдан бастап экспортталуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мұны Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты комитет өкілі мәлімдеді. Нұрлыбек Асылбектің айтуынша, індет өршіген уақытта елімізде бар-жоғы алты компания маска шығарумен айналысқан. Олардың өнімі ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан Қазақстан медициналық бетперделерді сырттан сатып алуға мәжбүр болған.
Қазір елімізде маска шығаратын компаниялар саны 50-ден асты. Олардың өнімі енді қоймаларда құр жатпас үшін өзге елдерге экспортқа шығару мәселесін қарастырып жатыр.
Бөлісу: