Аймақтар
1 мин оқу 370
БҚО-да алаяқ әйел үй алып беремін деп 23 адамды алдаған
<p style="text-align: justify;">«Е» есімді алаяқ әйел 2020 жылдан бері үй алып беремін деген желеумен Орал, Алматы, Атырау қаласының тұрғындарын алдап келген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ол арам ойын сыбайласымен бірге жүзеге асырған. Осылайша 23 адамды алдаған әйел 15 млн-нан астам ақша көлемінде залал келтірген. Оның тағы қанша адамды алдағаны тергеу барысында анықталатын болады.
Алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қазір ҚР ҚК 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.
Бөлісу: