Әлем
1 мин оқу 2,210

Биыл әлемде жұмыссыздар саны артады

<p style="text-align: justify;">Биыл әлемде жұмыссыздар саны артып, 220 миллионға жетпек. Халықаралық еңбек ұйымы зерттеулерден кейін осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл коронавирус індеті шыққанға дейінгі көрсеткіштен біршама жоғары. 2019 жылы дүниежүзінде жұмыссыздық 187 миллион адамды құраған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, пандемиядан әйелдер мен жастар және көлеңкелі бизнесте жұмыс істеген 2 млрд адам зардап шеккен.

Сондай-ақ өте кедей жұмысшылар қатары да артқан. Сондықтан халықтың осал топтарын әлеуметтік тұрғыдан қалпына келтіруге бағытталған стратегиясыз кедейшілікпен күрес еш нәтиже бермеуі мүмкін.

Бөлісу: