Оқиға
1 мин оқу 320
Қырғызстанда әскери тікұшақ апатты жағдайда қонды, зардап шеккендер бар
<p style="text-align: justify;">Қырғызстанның Чон-алай ауданында әскери тікұшақ құлады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Кабар агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери тікұшақ апатты жағдайда қонды.
Ноокат жалпыдәрігерлік практика орталығы директорының орынбасары Ертабылды Көккөзовтың жедел мәліметтері бойынша, Ош облысы Ноокат ауданының Кичи-алай мекенінде тікұшақпен болған оқиға салдарынан адамдар зардап шекті.
«Оқиға орнына үш жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. Зардап шеккендер стационарларға түскен кезде қосымша ақпарат беріледі», деп жазады Кабар.
Бөлісу: