Спорт
1 мин оқу 483

Каратэшілер Парижде өнер көрсетеді

<p style="text-align: justify;">11-13 маусым аралығында Парижде каратэден халықаралық турнир өтеді. Бұл жарыста Токио Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Каратэшілер Парижде өнер көрсетеді

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының сапында жеті спортшы өнер көрсетеді. Ерлер арасында Нұрқанат Әжіханов (75 кило) пен Данияр Юлдашев (+75 кило) күш сынасса, әйелдер сайысында Мөлдір Жаңбырбай (55 кило), Сабина Захарова (61 кило) және Софья Берульцева (+61 кило) шеберлік байқасады. Ал катадан  Мәди Кәтешов пен Лия Кошкарбаеваның өнерін тамашалаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, әзірге Қазақстанның каратэшілерінің қоржынында бір ғана Олимпиада лицензиясы бар. Оның иегері – 67 кило салмақта өнер көрсететін Дархан Асаділов.   

Бөлісу:
Каратэшілер Парижде өнер көрсетеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар