Оқиға
1 мин оқу 261
Оралда көпқабатты үйден өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 5 маусым күні сағат 03.49-да Ружейников көшесі 9-мекенжайда орналасқан бес қабатты үйде болды. Екінші қабаттағы №35, №38, №39 пәтерлер жанды.
Оқиға орнынан ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылды. Оған қоса 39 адам эвакуацияланса, соның 19-ы – бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. «Тілсіз жау» сағат 05.10-да толықтай ауыздықталды. Оны сөндіруге 35 қызметкер 12 техника жұмылдырылды.
Бөлісу: