Оқиға
1 мин оқу 230

Қостанайда қорада тұрған мал тірідей өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласында бір үйдің үйдің ауласындағы қора өртеніп, іштегі мал тірідей жанып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

4 маусым күні сағат 14:09-да Қостанай облыстық ТЖД нөміріне Цветоная көшесінде 150 шаршы метр аумақта қора өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:57-де келіп, жалынды сөндіруге кірісті.

«Өрттің жақын тұрған жекеменшік үйдің барлық аумағына, сондай-ақ көрші үйге таралып кетуі мүмкін еді. Жалынмен күресте өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Қорадан басқа, оның ішінде тұрған мал – бір жылқы мен 12 қой өртеніп кетті. Сондай-ақ, өрт кезінде сонда жүрген жалдамалы жұмысшы зардап шекті. Беті мен қолы күйген ол ауруханаға барудан бас тартты», деп хабарлады ТЖД-дан.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қора өртенгенде иелері үйде болып, ол туралы білмеген. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 15:19-да толық сөндірді.

Бөлісу: