Оқиға
1 мин оқу 381

Адам саудасы бойынша айыпталған әйел Бахрейннен экстрадицияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдікке ілінген.

«Қылмыс жасағаннан кейін З. Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген, сол себепті, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды», делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Адам саудасы бойынша айыпталған әйел Бахрейннен экстрадицияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар