Елорда
1 мин оқу 845

Нұр-Сұлтанда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылданып жатыр

<p style="text-align: justify;">&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;">Елордада &laquo;Мерейлі отбасы-2021&raquo; ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінім қабылданып жатыр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастамашылық еткен бұл байқау осымен жетінші жыл өткізіліп келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, некенің маңыздылығын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылығын, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту.

Байқауға өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымда аяқталады.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылданып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар