Оқиға
1 мин оқу 460

Алматыда жүк көлігі самокат теуіп жүрген қызды қағып кетті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматы қаласында самокат теуіп жүрген қыз бала жүк көлігінің астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде бұл оқиғаның 4 маусым күні Алатау ауданының Ақсу көшесінде тіркелгенін мәлім етті.

«Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері оқиғаны тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар жасалады», деп атап өтті полиция департаментінен.

Бөлісу:
Алматыда жүк көлігі самокат теуіп жүрген қызды қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар