Әлем
1 мин оқу 390

Африкада содырлар 138 ауыл тұрғынын өлтірді

<p style="text-align: justify;">Буркина-Фасоның Солхан ауылына белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, 138 адамды өлтірді. Осыған байланысты, Африка билігі елде үш күн қаралы болып жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құрбандар арасында 7 бала бар. Тағы ондаған тұрғын жарақат алған. Содырлар үйлер мен базарды өртеген. Сарапшылар кісі өлімі бойынша бұл ел тарихындағы ең қанды қырғындардың бірі деп бағалады. Әзірге шабуылды ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.

«Коронавирусқа қарсы вакцина бар. Одан құтыла аламыз. Ал терроризммен қалай күреспекпіз? Лаңкестіктен құтылатын жол жоқ», дейді жергілікті тұрғын Виргине Каборе.

Бөлісу:
Африкада содырлар 138 ауыл тұрғынын өлтірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар