Спорт
1 мин оқу 150

Екінші орынға түсіп қалды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Франция тас жолдарында өтіп жатқан &laquo;Критериум Дофине&raquo; жарысының алтыншы кезеңінен кейін жалпы есепте көш бастаған казақстандық велошабандоз Алексей Луценко жетінші турдан соң қайтадан екінші орынға түсіп қалды.</p>

Екінші орынға  түсіп қалды

Сен-Мартен-ле-Вину мен Ла-Плань қа­лаларын жалғаған таулы кезеңде Bahrain-Victorious командасының өкілі 24 жас­тағы украи­налық Марк Падун мәре сызығын бі­рінші болып кесті. 171.5 ша­қы­­рымға со­зылған қашықтықты ол 4 сағат 35 ми­нут 07 секундта жүріп өтті. Екін­­ші орын­­ды аустралиялық Ричи Порт (Ineos Grenadiers) иеленсе, үздік үштікті «Ас­тана» велокомандасының бұрынғы өкілі колум­биялық Мигель Анхель Лопес түйін­деді. Ал жетінші кезеңде мәре сызығын 10-шы бо­лып кескен Алексей Луценко жалпы есеп­тегі көшбасшылығынан айырылып қалды.

Айта кетейік, жерлесіміз 4-кезеңдегі жекелей жарыста топ жарған болатын. Жарыс кеше мәресіне жетті.

Бөлісу:
Екінші орынға түсіп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар