Бес өңірде ауа сапасы нашарлайды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бүгін - 7 маусым, дүйсенбі күні Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
Қазақстанның өзге қалаларында метеахуал – бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.