Ақтау - Нүкіс және Алматы - Наманган әуе рейстері ашылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстаннан Ақтау - Нүкіс, Алматы - Наманган, Нүкіс - Ақтөбе - Мәскеу және Самарқан - Ақтөбе - Санкт-Петербург жаңа әуе рейстерін ашуға рұқсат етілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Қазақстан аумағында коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасында жазылды.
7 маусымнан бастап Өзбекстанмен Ақтау - Нүкіс және Алматы - Наманган бағыттарына әр тараптан аптасына екі рейс жиілікпен тұрақты рейстер ашуға рұқсат етілді.
Халықаралық рейстерді SCAT әуекомпаниясы орындайды:
Нүкіс - Ақтөбе - Мәскеу, аптасына екі рейс;
Самарқан - Ақтөбе - Санкт-Петербург, аптасына екі рейс.
Бұған дейін SCAT әуекомпаниясы Ақтау - Үргенш рейсін іске қосқан болатын. 8 маусымнан бастап «Эйр Астана» мен Uzbekistan Airways әуекомпаниялары Алматы - Самарқанд рейсін аптасына 4 рет жиілікпен орындайды.