Қазақстан
1 мин оқу 265

Қазақстандық авиакомпаниялар ЕО-ның «қара тізімінде» бар ма?

<p style="text-align: justify;">Еуропалық комиссия қазақстандық авиакомпанияларды Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынған авиатасымалдаушылар тізіміне енгізуге негіз жоқ деп шешім қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;24.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Бұл көрсеткішке азаматтық авиацияны басқарудың Британдық моделін енгізу және Азаматтық авиация комитеті жүргізген жүйелі жұмыс нәтижесінде қол жеткізген.

Бұған дейінгі «Бэк эйр» әуе компаниясының апаты сарапшыларды алаңдатқаны рас. Десе де, қазақстандық авиакомпанияларды қара тізімге енгізбеді.

Айта кетелік, елімізде сертификатталған авиатасымалдаушылардың жағдайы егжей-тегжейлі қаралып жатыр.

Бөлісу:
Қазақстандық авиакомпаниялар ЕО-ның «қара тізімінде» бар ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар