Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">8-10 маусым аралағында кезекті антициклонның әсерінен күн суытады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазгидрометке сілтеме жасап.</p>
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронтальды бөліктердің ықпалында болады, жаңбыр жауады, 10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Кезекті солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендеуіне алып келеді, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.