Аймақтар
1 мин оқу 280

Қызылордалық полицейлер 7 есірткі қылмысын ашты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қарасора-2021&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы 8 күндегі көрсеткіш осындай болып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордалық полицейлер 7 есірткі қылмысын ашты

Есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, өңірдегі жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабуды көздеген шара аясында заңсыз айналымнан 3 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

Полицейлер тек облыс орталығының өзінен үйлерінің ауласында құрамында есiрткi заттар бар өсімдіктер өсірген 6 тұрғынды әшкерледі. Айғақ заттар тәркіленді.

Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Қарасора-2021» жедел іс-шарасы 30 қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қызылордалық полицейлер 7 есірткі қылмысын ашты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар