Аймақтар
1 мин оқу 5,900

Техникалық білім беру оқу орны үздік үштікте

<p style="text-align: justify;">&laquo;IQAA-ranking&raquo; агенттігі жүргізген Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінің нәтижелері жарияланды. Айта кетсек, Техникалық ЖОО арасындағы рейтингке 11 оқу орын қатысты. Нәтижесінде Д. Серікбаев атындағы университет 3-орынды иеленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Техникалық білім беру оқу орны үздік үштікте

Университет ұжымы барлық заманауи платформаларды қолдана отырып сапалы білім беруді жалғастырып келеді. Пандемиядан бұрын да оқу орнында цифрландыру саласының әлеуеті зор еді. Сонымен қатар оқыту процесіне жоғары білікті инженер-мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін CDIO (инженерлік білім берудегі әлемдік тренд) қағидаттарын енгізуге көшті.

Кадрларды даярлауда негізгі жұмыс берушілермен де айтарлықтай әріптестік маңызды рөл атқарады. Рейтингте университет жүлдегерлері жоғары оқу орындары арасында жұмыс берушілердің ең жоғары бағасын алды. Демек, университет мамандарды үлкен жұмысқа дайын етіп түлетіп жатыр. Рас, университет басшылығы мен ұжымы өңір кәсіпорындарын бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету үшін барынша күшін салып жатыр.

Бөлісу:
Техникалық білім беру оқу орны үздік үштікте · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар