Аймақтар
1 мин оқу 261

Атырауда 2-қабаттан секірмек болған бозбала құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Атырауда 17 жастағы бозбала масаң күйде 2 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 2-қабаттан секірмек болған бозбала құтқарылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін, 7 маусымда сағат 9:32-де Атырау қаласындағы Огородная көшесінен шақырту түскен.

«Құтқарушылар оқиға орнына 9 минутта жетіп, 2004 туған жігіттің екі қабатты ескі тұрғын үйдің төбесінен секірмек болғанын анықтады. Бозбала қараусыз қалған нысандар санатындағы тұрғын үйдің шатырына масаң күйде шыққан. Жедел құтқарушылар жасағының қызметкерлері бозбаланы сағат 10:06-да жерге түсіріп, полицейлерге тапсырды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Құтқару жұмысына 4 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Атырауда 2-қабаттан секірмек болған бозбала құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар