Тағайындау
1 мин оқу 4,560

СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сәтжан Аблалиев СҚО әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Сәтжан Аблалиев 1970 жылы туған.

Алматы автомобиль-жол институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және Қазақ қатынас жолдары университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

1987 жылы еңбек жолын Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экспедициясының инженер-техникалық қызметінің оператор-коллектор қызметінен бастаған.

Осы тағайындауға дейін Сәтжан Әйтенұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.⠀

Бөлісу:
СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар