Аймақтар
1 мин оқу 330

Нұр-Сұлтанда автокөлік жанып кетті

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда BMW маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін, 7 маусым күні сағат 17:12-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері кезекті шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнында BMW маркалы автомашинаның қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқанын анықтады. Өрт 17:34-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп түсіндірді елордалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда автокөлік жанып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар