Аймақтар
1 мин оқу 120

«Сары аймақтың» санатында

<p style="text-align: justify;">Ақмола өңірі 5 сәуірден бастап &laquo;қызыл аймақтың&raquo; құрсауында болды. Соңғы тәуліктерде дауасыз дерттің беті біршама қайтуына байланысты екі айдан кейін &laquo;сары аймақтың&raquo; санатына енді. Соңғы тәулікте зертханалық жолмен 75 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.</p>

«Сары аймақтың» санатында

Соңғы аптада COVID-19-дың 613 жағдайы тіркелді. Демек бұрнағы аптадағы 928 жағ­даймен салыстырғанда, індеттің төмендегенін бай­қауға болады.

Сырқат шеңгеліне ілік­кен­дермен байланыс­та­ бол­ған 9 адам – ауруды тасы­малдаушы­лар. Бір тәу­лікте 14 жасқа дейінгі ба­лалар ара­сында 10 жағ­дай кез­десіп отыр. Жалпы, қауіпті ін­детті жұқ­тырушылар ара­сын­да Бурабай ауданы мен Көк­ше­тау қаласы әлі де көш бас­тауда. Сондықтан об­лыстық са­нитарлық-эпи­демиялық ба­­­қы­­лау депар­таменті барша ақ­мола­лық­тарды карантин талаптарына сәйкес, қоғамдық орындарда әлеуметтік ара­қашықтықты, бет­­перде ре­жімін қатаң сақтауға ша­қырады. Себебі өңір «сары аймаққа» өт­кенімен, «қызыл аймақ­тағы» шектеулер алынып тас­талуы үшін 14 күн бойы об­лыс­тың санитарлық-эпиде­мия­лық ахуалы тұрақты болуы керек.

Қазір мәдени-көпшілік шара­лар мен жиын-тойларға қатаң тыйым салынғанына қарамас­тан, кейбір адамдар елей бер­мейді. «Сары аймақтың» санатына енісімен бұрынғыша той-томалақ, құ­далық, жаназа өткі­зу жиілеп кетті. Әуел баста да қатерлі дерттің қабынуына өзі­міз­дің бейқамдығымыз себепкер болып еді. Дауасыз дертке де адам­дардың еті үй­реніп кететін тә­різді ме, қалай?! Қауіпті ес­ке­ре бер­меудің қатері мол еке­нін көзіміз көргенімізбен, дұрыс­тап көңіл бөлмейтініміз өкінішті-ақ. Адамдар көп жиналатын жиынның вирустық инфекцияның таралуы мен эпи­демия­лық ахуалдың тө­мендеуіне әкеп соқтыруы мүм­кін екенін ес­тен шығарып ала береміз.

Ақмола облысы

Бөлісу:
«Сары аймақтың» санатында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар