Спорт
1 мин оқу 310
Әлем кубогының жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық спортшылар Ита­лияның Брешиа қаласында өтіп жат­қан батуттағы гимнастикадан кезекті Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды.</p>

Кубоктың кезекті күнінде жарыс жолына шыққан отандық гимнастар Данил Мұсабаев пен Роман Барков синхронды секіруде турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал бір күн бұрынғы жекелей сында Данил Мұсабаев 13-ші, Роман Барков 17-ші орыннан көрініп, финалдан тыс қалған болатын.
Айта кетейік, былтыр Әзербайжан астанасы – Бакуде ұйымдастырылған Әлем кубогында Данил Мұсабаев Пирмаммад Алиевпен бірге жұптық сында қола медаль жеңіп алған болатын.
Бөлісу: