Үкімет
1 мин оқу 335

Ресей Президенті Асқар Маминді «Достық» орденімен марапаттады

<p style="text-align: justify;">Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин «Достық» орденімен марапатталсын»,  делінген жарлықта.

Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.

Асқар Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұған дейін 2016 жылғы қыркүйектен бастап ол премьер-министрдің бірінші вице-премьері болды. 2008-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ты басқарған.

Бөлісу: