Аймақтар
1 мин оқу 470

Ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматыда &laquo;Келімсек&raquo; іс-шарасы кезінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды. Ол кәмелетке толмаған баланы қорлады деген күдікпен іздеуде жүрген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық көші-қон қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қалалық криминалдық полиция қызметкерлері біздің бөлімнің өкілдерімен бірге Тәжікстан Республикасының азаматы, Гиссар қаласының тұрғыны - 1995 жылы туған М. есімді азаматты ұстады. Ер адам 2017 жылдан бері Гиссар аудандық ІІМО-мен Тәжікстан Республикасының ҚК-нің 141-бабы 2-бөлігі - кәмелетке толмағандарды қорлау бойынша қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды. Ұсталған адамды экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі», деді Алматы қалалық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бөлісу:
Ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар