Аймақтар
1 мин оқу 200

Құпия орынға есірткі жасырып келген апалы-сіңлілер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Абылай хан даңғылы бойында 38 және 40 жастағы апалы-сіңлілер ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әйелдерді жеке тінту барысында салмағы шамамен 5 грамм болатын «скорость» синтетикалық есірткі заты табылды. Ақмола облысынан келген апалы-сіңлілердің Кравцов көшесі бойында жалға алған пәтерін тінту барысында таразы және құпия орынға қалдырып кетуге дайын 15 орама және 90-нан астам дозаға жеткілікті синтетикалық есірткі тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы ретте қалалық полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сақтау және таратқаны үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді.

Бөлісу:
Құпия орынға есірткі жасырып келген апалы-сіңлілер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар