Әлем
1 мин оқу 343

Ертең Моңғолияда президент сайлауы өтеді

<p style="text-align: justify;">Моңғолияда ертең президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Саяси додада халық партиясының, оппозицияның, демократиялық партиясының және оңшылдар коалициясының көшбасшылары бақ сынамақ.

Айта кетейік, ел астанасы Ұлан-Батырда президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны коронавирус пандемиясының салдарынан белсенді ұйымдастырылмады.

Сарапшылар елдегі эпидахуалдың ушығуына байланысты сайлауға қатысу көрсеткіші де төмен болуы мүмкін деп болжап отыр.

Бөлісу: