Оқиға
1 мин оқу 253

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 16:00-де &laquo;ВАЗ 2110&raquo; маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында &laquo;ЗИЛ 130&raquo; маркалы жүк көлігіне жол бермеді. Нәтижесінде, екі көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы (19 жастағы қыз бен 62 жастағы әйел) оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы мен 1 жасар бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды сұрайды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу:
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар