Қоғам
1 мин оқу 136

749 мыңнан астам адам АӘК алды

<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бо&shy;йынша 152,3 мың отбасындағы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі &ndash; АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақ&shy;саттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлін&shy;ді.</p>

749 мыңнан астам адам АӘК алды

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа те­ті­гін іске асыру шеңберінде еліміздің бар­­лық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік бе­ріл­ген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеу­меттік топтама) қамтамасыз ету бойын­ша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 мамырда АӘК алушылар қатарын­дағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 181,8 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Еске сала кетейік, 112,4 мың отбасын­да­ғы 570,5 мың қазақстандыққа 2021 жылғы

1 мамырға атаулы әлеуметтік көмек та­ғайын­дау мем­ле­кеттік инстанцияға жү­гінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, 2020 жылғы II, III және IV тоқсанда ТЖ режімі мен карантиндік шектеу шараларының қол­да­нылуына байланысты көмек тағайын­дау­ға өтініш ұзартылды.

Бөлісу: